06.05.2016, 15:55 5345

ҚР Премьер-Министрі ұжымға Ұлттық экономика министрлігініӊ жаӊа басшысы Қуандық Бишімбаевты таныстырды

"Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы ұлттық экономика министрі болып тағайындалды", - дейді Кәрім Мәсімов

Астана. 6 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ұлттық экономика министрлігініӊ ұжымына жаӊа министр - Қуандық Бишімбаевты таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы ұлттық экономика министрі болып тағайындалды", - дейді Кәрім Мәсімов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Ведомствоныӊ бұрынғы басшысы Ерболат Досаев Мемлекет басшысына Үкіметтегі еӊбек жолында сенім білдіргені үшін ризашылығын айтты.

"Сондай-ақ ұжымға бірлескен жұмысы үшін алғыс айтқым келеді. Бұл мен үшін үлкен абырой. Ұлттық экономика министрлігіне және қазір жасап жатқан жұмыстарыӊызда үлкен жауапкершілік артылған деп есептеймін", - деді әріптестеріне зор денсаулық пен табыстар тілеген Е.Досаев.

Өз кезегінде Қ.Бишімбаев "Ұлттық экономика министрлігі Үкімет құрамындағы басты ведомство болып табылады, сондықтан мен бар білімім мен тәжірибемді Министрлік ұжымымен бірге Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындауға бағыттаймын" деп баса айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны