12.04.2011, 15:47 4190

ҚР премьер-министрі жаңа құрамдағы алғашқы үкімет отырысын өткізді

ҚР премьер-министрі жаңа құрамдағы алғашқы үкімет отырысын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 12 - сәуір. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрі жаңа құрамдағы алғашқы үкімет отырысын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов жаңа Министрлер кабинетін құру аяқталғанын хабарлады.

"Кабинет толықтай құрылды, енді тек Иділет министрін тағайындау ғана қалды. Облыстарға аттанып кеттім. Қостанайдан бастаймын", - деп жазды К.Мәсімов Twitter сайтындағы өзінің жеке бетінде.

Естеріңізге сала кетсек, осы аптаның басында Ауыл шаруашылығы, Туризм және спорт, Экономикалық даму мен сауда, Көлік және коммуникация министрліктері, СІМ мен ІІМ жаңа министрлері тағайындалған болатын. Сондай-ақ, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы да ауысты. Барлық вице-премьерлер өз лауазымдарын сақтап қалды.

Бұрын хабарлағанымыздай, 8-сәуір күні қайта сайланған ҚР президенті Н. Назарбаев ұлықтау рәсімінен кейін ҚР премьер-министрі К. Мәсімов үкіметтің отставкаға кететіндігі туралы жария еткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны