07.08.2017, 19:17 4018

ҚР Премьер-Министріне Ақмола облысындағы жұмыспен қамтудыӊ нәтижелері баяндалды

Бүгін Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Көкшетау қаласыныӊ Жұмыспен қамту орталығын аралады және өӊірдіӊ тұрғындарын еӊбекпен қамтуға жәрдемдесу шараларын қарады.

Көкшетау. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Көкшетау қаласыныӊ Жұмыспен қамту орталығын аралады және өӊірдіӊ тұрғындарын еӊбекпен қамтуға жәрдемдесу шараларын қарады.

Орталықты аралау барысында Бақытжан Сағынтаев операторлар жұмыс жасайтын операциялық залды қарап шықты. Өз кезегінде мекеме директоры Ерік Мұратбеков өӊір тұрғындарына еӊбекпен қамтуға көмек көрсетудіӊ іске асырылып жатқан бағдарламалары туралы баяндама жасады.

2017 жылы орталықтыӊ жәрдемдесуімен 706 адам еӊбекпен қамтылды, 90-ға жуық адам кәсіптік оқытудан өтті, 193 адам қоғамдық жұмыстарға, 51 адам - уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына және тағы 33 адам жастар іс-тәжірибесіне бағытталды.

Айтар болсақ, Үкімет жұмыспен қамту мәселесін тұрақты бақылауда ұстайды. Жұмыс сапарлары барысында Бақытжан Сағынтаев жергілікті атқарушы органдардыӊ және бизнес өкілдерініӊ назарын жаӊа жұмыс орындарын, әсіресе экономика секторларында құру қажеттілігіне аудартады, олар басқа салалардан әлеуетті жұмыстан босаған жұмысшылардыӊ ағымын қабылдай алады.

Сондай-ақ, 2017 жылдыӊ басынан бастап Қазақстанда Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жаӊа бағдарламасы іске асырылуда, онда өз кәсібін ашқысы келетін, немесе жұмысқа тұрғысы келетін адамдарды қолдау бойынша бірқатар тетіктер бар.

Анықтама:

2017 жылдыӊ І тоқсанында Ақмола облысында 7 420 адам, оныӊ ішінде тұрақты жұмыс орындарымен - 4 055, уақытша және маусымдық жұмыс орындарымен - 3 162, жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін қоғамдық жұмыспен - 2 066 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыссыздық деӊгейі 4,9% құрады.

Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға өӊірде 2017 жылы 4,8 млрд теӊге қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны