07.08.2015, 16:12 3567

ҚР Премьер-Министрініӊ Бірінші орынбасары Б.Сағынтаев жылу беру маусымына дайындық жөнінде кеӊес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрініӊ Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері жөнінде селекторлық кеӊес өткізді

Астана. 7 Тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрініӊ Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері жөнінде селекторлық кеӊес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015-2016 жылдардағы жылу беру маусымына нысандарды дайындау коммуналдық қызметтермен келісілген кестеге сай жүзеге асырылуда. 2015 жылы 9 энергоблокты, 59 энергетикалық қазандықты және 47 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

Тамыз айыныӊ басына 4 энергоблокта, 30 қазандықта және 20 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Жылу маусымына жылумен жабдықтау желілерініӊ әзірлігі 60 пайызды құрайды, білім нысандарыныӊ 79 пайызы, денсаулық сақтау мекемелерініӊ 75 пайызы, тұрғын үйлердіӊ 63 пайызы дайын болды. Жылу көздерініӊ 100 Гкал/сағатқа дейінгі қуаттарына алдағы жылыту маусымында отын қажеттілігі 1 883 мыӊ тонна көмір мен 230 мыӊ тонна мазутты құрайды. Бұл орайда қазірдіӊ өзінде 591 мыӊ тонна көмір және 54 мыӊ тонна мазут әзірленді.

Кеӊес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев Энергетика министрлігіне электр стансаларыныӊ алдағы жылу беру маусымына әзірлігі барысына, нормативтік отын қоры жиналуына тұрақты мониторинг ұйымдастыруды тапсырды. Облыстардыӊ, Астана және Алматы қалаларыныӊ әкімдіктеріне барлық жөндеу науқандарын және жоспарланған шараларды толық орындауды қамтамасыз ету, жауапты әкімдер орынбасасарларын бекіте отырып, коммуналдық сектор мен әлеуметтік саланыӊ барлық нысандарын жылыту маусымына дер кезінде әзірлеу, сондай-ақ коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық және ағымдағы қарыздардыӊ өсуіне жол бермеу жөнінде шараларды қолға алу тапсырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны