23.07.2016, 17:27 2900

ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары А.Мырзахметов Атырау облысына жұмыс сапарымен барды

Министр саланы қосымша қаржыландыру бойынша қабылданатын шаралар, субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша шаралар және агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялық тартымдылықты арттыру туралы мәлімдеді.

Астана. 23 шілде. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары А.И. Мырзахметов жұмыс сапарымен Атырау облысына келді, деп хабарлайды ҚР АШМ Баспасөз қызметі.

Жұмыс сапары шеӊберінде облыс әкімдігініӊ алаӊында Атырау облысы ауыл шаруашылығыныӊ ағымдағы жағдайы және даму перспективалары мәселелері бойынша кеӊес өтті. Кеӊесте облыстыӊ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, облыс әкімі және оныӊ орынбасарлары, сонымен қатар аудан әкімдері және жергілікті және орталық мемлекеттік органдардыӊ аумақтық бөлімшелерініӊ басшылары, "Атамекен" ҰКП, "КазАгро" ҰБХ" АҚ және оныӊ еншілес ұйымдарыныӊ өкілдері қатысты.

Кеӊестіӊ өткізу барысында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және сүт қабылдайтын орындарды және отбасы бордақылау аландарын құру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу жұмысын орталықтандыруды ұйымдастыру мақсатында ауыл шаруашылық кооперативтеріне жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру жолымен жеке қосалқы шаруашылықтарыныӊ мүмкіндігін пайдалану есебінен қайта өӊдеу кәсіпорындарыныӊ қуаттылығын жүктеу бойынша шараларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Министр саланы қосымша қаржыландыру бойынша қабылданатын шаралар, субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша шаралар және агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялық тартымдылықты арттыру туралы мәлімдеді.

Сондай-ақ, аймақта инвестициялық жобаларды іске асыру, әсіресе мамандандыру сызбасына сәйкес келуін және өндірістік қуаттылығыныӊ бар болуы, сонымен қатар органикалық өнімдер нарығын дамыту мәселелері талқыланды.

Кеӊес қорытындысы бойынша Асқар Мырзахметов агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған жұмыстарды белсендіру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Анықтама ретінде: Атырау облысы бойынша 20,9 мыӊнан астам тұрғындары өзін-өзі жұмыспен қамтыған болып есептеледі, оныӊ ішінде 14,8 мыӊ адам өнімді жұмыспен қамтылған, жеке қосалқы шаруашылықтарда 80 %-дан астам сүт және 80 %-дан астам ет өндіріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны