25.05.2015, 19:08 3781

ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Б.Сапарбаев аймақ басшыларына жастарды жұмыспен қамту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

Қазақстан аймақтарында жастарды еӊбекпен қамту жағдайын жақсартуға арналған шаралар қабылдау қажет, деп баса айтты бүгін ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Бердібек Сапарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен "Елбасымен бірге жастардыӊ қадамы" жастар форумы барысында

Астана. 25 Мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан аймақтарында жастарды еӊбекпен қамту жағдайын жақсартуға арналған шаралар қабылдау қажет, деп баса айтты бүгін ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Бердібек Сапарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен "Елбасымен бірге жастардыӊ қадамы" жастар форумы барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстанда еӊбекпен қамту бойынша ауқымды бағдарламалар қабылданды. Соған қарамастан соӊғы үш жылда 21 мыӊ колледж түлегі, 35 мыӊ ЖОО түлегі еӊбекпен қамтылмай қалып отыр", - деді Б.Сапарбаев, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Ол сондай-ақ жыл сайын орта есеппен алғанда 93 мыӊ мектеп және лицей түлегі, колледж бен ЖОО-дарынан оқудан шығарылған жастар біліктіліксіз қалып отырғанын айтты.

"Олар ертеӊ жұмыссыздар қатарын толықтырулары мүмкін. Мен тағы да министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарға осы мәселемен айналысуды тапсырамын", - деп толықтырды вице-премьер.

Бұдан өзге, ол соӊғы уақытта жастар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау мәселесі өзекті болып келе жатқанын айтып өтті. Тек 2014 жылдыӊ өзінде 900-ге жуық өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы тіркелген, барлығы балалар мен жастар арасында 2150 өз-өзіне қол жұмсамақ болу әрекеті тіркелген.

"Өз-өзіне қол жұмсау мәселесі ата-аналар мен қамқоршылар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен білім беру мекемелері басшылары тарапынан білікті тәрбие жұмыстары мен бақылаудыӊ жеткіліксіздігіне байланысты деп есептеймін", - деп баса айтты Б.Сапарбаев.

Оныӊ пікірінше, мәселені шешу үшін жастарды жұмыспен қамтудыӊ барлық түрлерін дамытып, жастарды түрлі ұйымдарға қатысуға тарту, оқушылар мен студенттердіӊ бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру қажет. Сонымен бірге, вице-премьер айтып өткендей, ата-аналар комитетініӊ рөлін арттыру қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны