21.12.2012, 13:01 3005

ҚР премьер-министрінің орынбасары жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды

Үкіметтік топ алдымен Ақсай қаласында болып,ондағы "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үй құрылысының барысымен, қаладағы жылу беру маусымын өткізу жайымен танысты. Қ. Көшербаев Ақсай моноқаласын Кешенді дамыту жоспарын жүзеге асыру туралы Бөрлі ауданының әкімі мен Қарашығанақ кен-орны жұмысы туралы ҚПО бас директоры Д.Раттидің баяндамаларын тыңдап, қала тұрғындарымен кездесті.

Астана. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрінің орынбасары Қ. Көшербаев бастаған Үкіметтік топ жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үкіметтік топ алдымен Ақсай қаласында болып,ондағы "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үй құрылысының барысымен, қаладағы жылу беру маусымын өткізу жайымен танысты. Қ. Көшербаев Ақсай моноқаласын Кешенді дамыту жоспарын жүзеге асыру туралы Бөрлі ауданының әкімі мен Қарашығанақ кен-орны жұмысы туралы ҚПО бас директоры Д.Раттидің баяндамаларын тыңдап, қала тұрғындарымен кездесті.

Жұмыс тобы түстен кейін Зеленов ауданындағы Янайкино кентіндегі "Кроун Батыс" ЖШС -мал бордақылау кешенінің жұмысын көрді. Қазіргі уақытта бордақылау алаңында 1600 бас болса, жыл соңына дейін оның санын 4500-ге жеткізу көзделіп отыр.Ірі қара несиелік қаржы есебінен берілген 500 млн. теңгеге сатып алынуда. Ол қаржы мүйізді ірі қара етінің экспорттық әлеуетін көтеру бағдарламасы бойынша бөлінді.

Оралда Қ.Көшербаев қара уылдырық пен тауарлы бекіре тұқымдас балық өндіру бойынша жаңа технология негізінде өндірісті дамыту мәселесінде талдамалар жасап, оны игерумен айналысатын Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетінің балық шаруашылығы ғылыми зертханасына барды. Оның жобалық қуаты жылына 8 тонна қара уылдырық пен 86 тонна тауарлы бекіре өндіруге жетеді.

Жұмыс тобы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында жөнделген көпқабатты үйлерді көрді. Батыс Қазақстан облысына бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 800 млн. теңге бөлінді. Оған 66 үй жөнделсе, тағы 24-нде жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ 13 үйді жөндеу жоспарда тұр.

"Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ-на барған Қ.Көшербаев қорғаныстық-өндірістік кешенді дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Облыс активімен өткен кеңесте жұмыс сапары қортындыланды, аймақты дамытудың негізгі басымдықтары айқындалып, орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен көкейкесті мәселелер талқыланды.

Қ.Көшербаев аймақта мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру жайына баға беріп, облыста өндіріс пен ауыл шаруашылығына жаңа технологиялар енгізудегі жинақталған оң тәжірибені атап көрсетті.

Вице-премьер бүтіндей алғанда Батыс Қазақстан облысы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған ұзақ мерзімді және стратегиялық міндеттерді тиімді орындауға дайын екенін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны