07.12.2010, 17:34 3902

ҚР президенті 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәтіні бүгін ресми БАҚ жарық көрген ҚР "2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 7 - желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәтіні бүгін ресми БАҚ жарық көрген ҚР "2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұрын хабарлағанымыздай, республикалық бюджеттің 2011 жылғы кірісі мен шығысы 8,3 млрд теңгеге қысқартылып, сәйкесінше 4 трлн 41 млрд тенгені және 4 трлн 643,8 млрд тенгені құраған болатын. 2011 жылғы республикалық бюджет тапшылығы ЖІӨ 2,8 пайызы деңгейінде белгіленген, деп хабарлаған болатын заң жобасын талқылау кезінде ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев.

Министрдінің мәліметтеріне сүйенсек, республикалық бюджеттің кірісі 2012 жылы 4 трлн 365 млрд тенгені, шығыс 4 трлн 947 млрд тенгегі құрайды. 2013 жылы республикалық бюджет кірісі 4 трлн 770 млрд тенгені, ал шығыс 5 трлн 152 млрд тенгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны