07.03.2013, 12:43 4085

ҚР президенті әйелдерді 8-наурыз мерекесімен құттықтады

"Осы кездесуді пайдалана отырып, Сіздер арқылы Қазақстанның барлық әйелдерін халықаралық әйелдер күнімен құттықтағым келеді. Денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық, әрдайым жақсы көңіл-күй тілеймін", - деді Елбасы.

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әйелдер қауымымен жылсайынғы "Көктем шуағы" атты дәстүрлi кездесуі барысында әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

"Қымбатты әйелдер, мен Сіздерді, еліміздің басшыларын, әскери қызметкерлерді, дәрігерлер, мұғалімдерді, өнер майталмандарын, әртүрлі мамандық иелерін Ақордаға шақырып отырмын. Бұл кездесуге келіп отырғандардың құрамы азаматтарымыздың ең жақсы бөлігінің мемлекетіміздегі атқаратын маңызды рөлін білдіреді. Осы кездесуді пайдалана отырып, Сіздер арқылы Қазақстанның барлық әйелдерін халықаралық әйелдер күнімен құттықтағым келеді. Денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық, әрдайым жақсы көңіл-күй тілеймін", - деді Елбасы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны