09.08.2012, 10:28 2859

ҚР президенті әкімдерге кедейлік қатарын азайту және әлеуметтік маргиналдыққа жол бермеу туралы тапсырма берді

Сәрсенбі күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайда солтүстік өңірлерді дамыту мәселесі жөнінде өткізген кеңес барасында, өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттырудың маңыздылығына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев әкімдердің назарын қазақстандықтардың өмір сүруін жақсарту, кедейлік қатарын азайту және әлеуметтік маргиналдыққа жол бермеу қажеттігіне аударды.

Астана. 9-тамыз. Kazakhstan Today - ҚР президенті Н Назарбаев әкімдерге кедейлік қатарын азайту және әлеуметтік маргиналдыққа жол бермеу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сәрсенбі күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайда солтүстік өңірлерді дамыту мәселесі жөнінде өткізген кеңес барасында, өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттырудың маңыздылығына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев әкімдердің назарын қазақстандықтардың өмір сүруін жақсарту, кедейлік қатарын азайту және әлеуметтік маргиналдыққа жол бермеу қажеттігіне аударды.

"Солтүстік облыстарда ірі астық компаниялармен жұмысты жолға қою керек, өйткені оларда жұмыскерлер жылдың тек 5-6 айында ғана еңбек етеді. Нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысында орташа еңбекақы өңірлердегі ең төменгі деңгейде - 56 мың теңге. Бұл мәселе жан-жақты талдау жасауды және шара қабылдауды қажет етеді. Облыста ауыл шаруашылық өнімдеріне еңбекақы төлеу үлесі 2011 жылы 30 пайыз рентабельдіктің бар болғаны 5 пайызын құрады. "Жұмыспен қамту-2020", "Дипломмен ауылға" бағдарламалары бойынша ауылға мамандар тарту үшін елеулі қаражат бөлінуде. Жеке меншік компаниялар ауылға мамандар жетіспейтіні туралы айтады, ал өздері тиісті еңбекақы төлемейді. Бұл мәселемен тек мемлекет айналысуда. Бұл жұмысқа бизнестің де араласуы қажет", - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны