17.11.2011, 12:15 16967

ҚР президенті Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласының жетістіктерімен танысты

Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының өткен 20 жылда қол жеткізген нәтижелеріне арналған экспозициямен танысты. Облыс әкімі С. Дъяченко Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік және экономикалық жетістіктерін баяндап берді.

Астана. 17-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде Қазақстанның өңірлерінің экономикалық, әлеуметтік және мәдениет салалардағы жетістіктерін көрсету мақсатында ұйымдастырылған, Бейбітшілік және келісім сарайындағы Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласының мәдениет күндеріне арналған іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қыметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының өткен 20 жылда қол жеткізген нәтижелеріне арналған экспозициямен танысты. Облыс әкімі С. Дъяченко Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік және экономикалық жетістіктерін баяндап берді.

Тәуелсіздік жылдары ішінде өңірдің экономикасының барлық салаларының серпінді дамуы қамтамасыз етілді. Жалпы өңірлік өнім 1993 жылғы 2,3 млрд. теңгеден 2010 жылы 586 млрд. теңгеге дейін немесе 255 есе өсті. Ақмола облысында индустриялық секторда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи жоғары технологиялық зауыттар мен фабрикалар пайда болды, сондай-ақ 20 ірі өндіріс қызметінің кескіні сақталды. Өнеркәсіп өнімінің өндірісі 1993 жылғы 837 млн. теңгеден 2010 жылы 180 млрд. теңгеге дейін артты. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы іске қосылған 2 жылдан бері 92 млрд. теңгенің 33 жобасы іске асырылып, 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. 1991 жылдан бері облыста 1,3 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Соңғы бес жылда жыл сайын орташа есеппен 170 мыңға жуық шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл көрсеткіш 1991 жылмен салыстырғанда 5 есе ұлғайды. Тәуелсіздік жылдары ішінде облыста 58 балабақша мен 305 шағын орталық, оның ішінде жаңа құрылыс жүргізу есебінен - 2,2 мың орынға арналған 9 балабақша ашылды, 6,3 мың оқушыға арналған 20 жалпы білім беретін мектеп салынды. Денсаулық сақтау саласын дамытуға бөлінген қаражат 1991 жылмен салыстырғанда 200 еседен асты. Соңғы 5 жылда 6 жаңа денсаулық сақтау нысаны, оның ішінде Қан құю орталығы, перинатальдық орталықтың жаңа корпусы мен Көкшетау қаласында туберкулезге қарсы диспансерлік балалар бөлімшесі салынды. Облыста 776 мәдениет мекемесі қызмет көрсетуде. Облыс орталығында Қазақ сазды-драма театры ашылды, "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында өңірдің тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің жинағы жарық көрді, М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасын жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Президент ел Тәуелсіздігінің 20 жылында Ақтөбе облысының жетістіктеріне арналған көрмені аралап көрді. Облыс әкімі А. Мұхамбетов Мемлекет басшысына өңірдің экономикалық жағдайы мен әлеуметтік саланың дамуы туралы баяндады.

Ақтөбе облысы Қазақстанның едәуір серпінді дамушы өңірінің қатарына жатады. Жалпы өңірлік өнім 2010 жылы 1993 жылмен салыстырғанда 822 есеге өсті. Мерейтойлық жылы жалпы өңірлік өнімді 1 триллион 300 миллиард теңгеге дейін жеткізу жоспарланған. Елдің өнеркәсіп жалпы өнім көлеміне үлесі бойынша облыс көш басындағы бесінші орында келеді. Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның арқасында облыста тек соңғы жеті жылда 400-ге жуық инвестициялық жобаның іске асырылуы 25 мың адамды жұмыспен қамтамсыз етуге мүмкіндік туғызды. Тәуелсіздік жылдарында өңірде 4,3 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа 139 денсаулық сақтау нысаны салынды. Білім саласында мектепке дейінгі мекемелердің саны 76-дан 503 бірлікке дейін артты, 40-тан астам жаңа жалпы білім беретін мектеп ашылды. Мәдениет пен өнер салаларында елеулі табысқа қол жеткізілді. Егер 1999 жылы 201 мәдениет мекемесі болса, ал 2011 жылы олардың қатары 480-ге дейін ұлғайды. "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында археологиялық, этнографиялық экспедиция жүргізілді, 20-дан аса ескерткіштер, мүсіндер мен кесенелер қалпына келтірілді.

Мемлекет басшысы республика Тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде Алматы қаласының табыстарына арналған көрмені аралап көрді. Қала әкімі А. Есімов Мемлекет басшысына экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық салалардың дамуы туралы баяндады.

Алматы - Орталық Азиядағы көшбасшылық ұстанымға ие ірі мегаполис. Қала Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 20 пайызын өндіреді және мемлекеттік бюджеттің барлық кірісінің 25 пайызын береді. 1993 жылы Алматының жалпы өңірлік өнімі 2,1 млрд. теңгені, 2011 жылы 4 трлн. 271 млн. теңгені құрады. 20 жылда қалада 10 млн. шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде соңғы бес жылда 4,8 млн. шаршы метр тұрғын үй тұрғызылды. 2001-2011 жылдар аралығында қалада 31 денсаулық сақтау нысаны салынды. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде қалада 35 мектеп тұрғызылды. Шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде Алматыда 74 мыңнан астам белсенді шағын және орта бизнес субъектілері есепте. Бұл салада 350 мыңға жуық адам немесе еңбекке қабілетті тұрғындардың экономикалық белсенді 50 пайызы жұмыс етуде. 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына 16 өңірлік жоба енгізілген. 2010 жылы оның 4 жобасы іске қосылды. Индустрияландыру картасына енгізілген тағы 38 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алматы шын мәнінде еліміздің мәдени және өнер орталығы саналады, осында елдің жетекші театрлары, мұражайлары мен кітапхана ұйымдары шоғырланған. 2001 жылдан бастап екі қалалық мұражай - Д. Қонаев мұражай-үйі мен Алматы қаласының тарихи мұражайы құрылды.

Тұсаукесер аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайының Опера залында өткен Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласының Гала-концертін тамашалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны