03.12.2013, 19:14 2906

ҚР Президенті Ақмола облысы Целиноград ауданы жұртшылығы өкілдерімен кездесті

"Ауылда 1700-ден астам адам тұрады. Осы адамдар мен ұжымның арқасында ауыл дамып келеді. Еңбек өнімділігі артуда. Шаруашылық басшылығы мен актив бұл ауылдың өркендеуі үшін бәрін жасауда. Егер де барлық шаруашылық осылай бар ынтасымен жұмыс істейтін болса, біздің елімізде азық-түлік өнімдері артығымен болар еді", - деді Қазақстан Президенті.

Алматы. 03 желтоқсан. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Целиноград ауданы жұртшылығы өкілдерімен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Родина ауылының мәдениет үйінде болған кездесу барысында Мемлекет басшысы елдімекен мен агрокәсіпорынның даму қарқыны жақсы екенін атап өтті", - делінген хабарламада.

"Ауылда 1700-ден астам адам тұрады. Осы адамдар мен ұжымның арқасында ауыл дамып келеді. Еңбек өнімділігі артуда. Шаруашылық басшылығы мен актив бұл ауылдың өркендеуі үшін бәрін жасауда. Егер де барлық шаруашылық осылай бар ынтасымен жұмыс істейтін болса, біздің елімізде азық-түлік өнімдері артығымен болар еді", - деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде тұрғындар ауылдың дамуы, соның ішінде бірқатар әлеуметтік нысандардың салынуы, бала туудың өскені және тұрғын үймен қамтамасыз етілуі жөнінде айтты. Сондай-ақ олар Мемлекет басшысын ел игілігін одан әрі нығайтуға өздерінің лайықты үлес қосатынына сендірді.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындарға табыс пен игілік тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны