10.07.2012, 17:39 2583

ҚР президенті әлеуметтік процестерді басқарудағы "кабинеттік стилді" жоюға шақырды

"Осынау стратегиялық құжатта "электронды үкіметті" іс жүзінде жүзеге асыру міндетін алға қоюдың маңызы зор. Электронды үкімет туралы арнайы заң қабылдап, мемлекеттік электронды қызмет көрсету үлгілерін әзірлеу қажет. Жергілікті деңгейде ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін ұлғайту керек. "Электронды әкімдіктің" облыс, қала, аудан үлгісіндегі үш деңгейлі бірүлгілік сызбасын әзірлеу қажет.

Алматы. 10-шілде. Kazakhstan Today - ҚР президенті әлеуметтік процестерді басқарудағы "кабинеттік стилді" жоюға шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Осынау стратегиялық құжатта "электронды үкіметті" іс жүзінде жүзеге асыру міндетін алға қоюдың маңызы зор. Электронды үкімет туралы арнайы заң қабылдап, мемлекеттік электронды қызмет көрсету үлгілерін әзірлеу қажет. Жергілікті деңгейде ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін ұлғайту керек. "Электронды әкімдіктің" облыс, қала, аудан үлгісіндегі үш деңгейлі бірүлгілік сызбасын әзірлеу қажет.

Сол сияқты азаматтардың барлық деңгейдегі әкімдердің, жергілікті шенеуніктер мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының жұмыс тиімділігіне электронды баға беру жүйесін құру мүмкіндіктерін де зерттеу керек. Жергілікті билік қоғамның қалтқысыз назарында болуы тиіс",- деп мәлім етті мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 3 шілде күні Астанада өткен Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында сөйлеген сөзінде.

Ресми БАҚ "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" бағдарламасы жария етілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны