19.11.2012, 14:38 2701

ҚР президенті Алматы әкімімен жол айырықтары мен метрополитеннің құрлысы жайлы талқылады

Кездесу барысында қаланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жаңа жол айрықтарының құрылыс барысы мен метрополитеннің екінші кезегі туралы сөз болды.

Алматы. 19-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы өзінің резиденциясында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында қаланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жаңа жол айрықтарының құрылыс барысы мен метрополитеннің екінші кезегі туралы сөз болды.

А.Есімов Қазақстан Президентіне қаланы әлеуметтік жаңғыртудың келешегі мен бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану жөнінде жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша қаланы одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту және өзекті мәселелерді шешу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны