18.04.2014, 19:28 3143

ҚР Президенті Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы" жарлыққа қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 18 сәуір. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы" жарлыққа қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

""Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін : Алматы қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 23200 гектар Алматы облысы, оның ішінде алаңы 604,6 гектар Іле ауданы, алаңы 16069,7 гектар Қарасай ауданы және алаңы 6525,7 гектар Талғар ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып өзгертілсін", - деп Жарлық мәтінінде жазылған.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны