10.12.2011, 11:14 3375

ҚР президенті "Алтын сапа" және "Парыз" байқаулары сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысты

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Алтын сапа" сыйлығы өнімдер немесе қызмет көрсету сапасы саласындағы жақсы нәтижеге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мекемелерге заманауи менеджмент жүйесін енгізгені үшін конкурстық негізде беріледі.

Астана. 10-желтоқсан. Kazakhstan Today - Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің сапа саласындағы "Алтын сапа", бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы "Парыз" байқаулары бойынша сыйлықтарының және Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Алтын сапа" сыйлығы өнімдер немесе қызмет көрсету сапасы саласындағы жақсы нәтижеге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мекемелерге заманауи менеджмент жүйесін енгізгені үшін конкурстық негізде беріледі.

"Парыз" байқауын жыл сайын өткізудегі мақсат жалпы алғанда, өздерінің жұмысшылары мен қоғам үшін әлеуметтік мәселелерді шешетін жеке меншік кәсіпкерлік субъектілерін ынталандыру болып табылады.

2011 жылдан бастап "Үздік ұжымдық шарт", "Үздік әлеуметтік жыл жобасы" және "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын" 3 аталымына қосымша "Экологияға қосқан үлесі үшін" аталымы енгізілді.

Биылғы жылы сапа саласындағы "Алтын сапа" Президент сыйлығы үшін жарияланған байқауға 232 компания қатысқан. Ал 610-нан астам кәсіпорын "Парыз" байқауының нагарадасын алу құқығынан үміткерлер қатарында болған.

"Біз биылғы жылды экономиканың жалпы көлемін 180 миллиард доллармен аяқтаймыз, яғни әр тұрғынға 11000 АҚШ долларынан келеді. Бұл дамыған елдердің деңгейі. Біз оған барша қазақстандықтардың еңбегінің арқасында қол жеткіздік!" - деді Президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны