12.09.2012, 10:46 3082

ҚР Президенті АӨІСШК-ні Ұйымға айналдыру туралы ұсыныс жасады

Бүгін елордада өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің мерейтойлық сессиясы мен Сыртқы істер министрлерінің IV кездесуі барысында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш Кеңесті Ұйымға айналдыру турасында ұсыныс жасады.

Астана. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АӨІСШК-ні Ұйымға айналдыру туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін елордада өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің мерейтойлық сессиясы мен Сыртқы істер министрлерінің IV кездесуі барысында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш Кеңесті Ұйымға айналдыру турасында ұсыныс жасады.

"Кеңес Ұйымға айналуы үшін қажетті әлеуетке ие. Нақ осы мәселе бойынша АӨІСШК-нің барлық қатысушыларына таяу жылдарда бірлесіп жұмыс істеу қажет. АӨІСШК-нің IV саммитіне біз өзіміздің Ұйымымызды құру туралы нақты нәтижелермен жетеміз деп үміттенемін. Осы мерзімге сонымен қатар, АӨІСШК хатшылығы басшысы мәртебесін атқарушы директорлықтан бас хатшылыққа дейін көтеру қажет. Қолданыстағы ережелер мен процедураларға сәйкесінше өзгерістер енгізу арқылы АӨІСШК-нің тұрақты комитетін құру туралы мәселені қарастыруды ұсынамын", - деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы АӨІСШК мен ЕҚЫҰ арасындағы өзара іс-қимылдарды дамытуды одан әрі жалғастыру қажеттігіне ерекше тоқталып өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны