07.04.2016, 19:32 5157

ҚР Президенті әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы жарлыққа қол қойды

Елбасы Искери қызметтіӊ белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасыныӊ азаматтарын 2016 жылдыӊ сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы Искери қызметтіӊ белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасыныӊ азаматтарын 2016 жылдыӊ сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

""Қазақстан Республикасыныӊ қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаӊтардағы Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ 5-бабы

2-тармағыныӊ 11) тармақшасына және "Искери қызмет және әскери қызметшілердіӊ мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ 31-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Искери қызметтіӊ белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2016 жылдыӊ сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасыныӊ Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын.

2. Искерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтіӊ белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2016 жылдыӊ сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасыныӊ Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2016 жылдыӊ сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі, Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік күзет қызметі мерзімді әскери қызметті өткеру үшін Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасыныӊ Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақырылған Қазақстан Республикасыныӊ азаматтарын жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтіӊ белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді босатуды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Жарлық мәтінінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны