01.07.2008, 10:37 1512

ҚР президенті Астана қаласының алғашқы құрылысшыларымен кездесті

ҚР президенті Астана қаласының алғашқы құрылысшыларымен кездесті

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астананың 10 жылдығына арналған мерекелік той-думандарға байланысты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың алғашқы құрылысшыларымен жүздесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Президент Елордасын көшірген кезде оның жанында болған, оған қолдау көрсеткен адамдарды әрқашан есінде сақтайтынын атап өтті. Және қазіргі таңда Астана қарқынды дамыған Қазақстанның бет-бейнесіне айналуы, жаңару мен республика тәуелсіздігінің нышанына айналуы көбінесе олардың сіңірген еңбектерінің жемісі болып табылады.

"Мен бүгін 1995-1998 жылдары Ақмолаға алғашқылардың қатарында келіп, осында жұмыс істей бастаған адамдарды шақырып отырмын. Ол кез қиын кез еді. Бірақ, барлық қиыншылықтар артта қалды. Астананың көшірілуі біздің мемлекетіміздің дамуы тұрғысынан алғанда маңызды саяси және геосаяси шешім болды", - деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

Президент жаңа қаланың қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан қазақстандықтарды "Астананың 10 жылдығы" мерейтойлық медалімен марапаттау туралы жаңа жарлыққа қол қойғандығын хабарлады.

Кездесу аяқталарда Астананы алғаш қалағандардың тапсырмасы бойынша премьер-министр Кәрім Мәсімов мемлекет басшысына "Астананың 10 жылдығы" мерейтойлық медалін тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны