07.07.2011, 15:53 3343

ҚР Президенті Астананы дамытуға қосқан үлестері үшін бизнесмендерді марапаттады

"Қалыптасқан дәстүр бойынша мемлекет басшысы қаланың дамуына айтарлықтай үлес қосқан және әлі де қосу үстіндегі адамдарды марапаттау туралы жарлыққа қол қойды", - деп жазылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Астана. 7 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананы дамытуға қосқан үлестері үшін бизнесмендерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қалыптасқан дәстүр бойынша мемлекет басшысы қаланың дамуына айтарлықтай үлес қосқан және әлі де қосу үстіндегі адамдарды марапаттау туралы жарлыққа қол қойды", - деп жазылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Баспасөз қызметі марапатталғандардың арасында ресейлік бизнесмендер Алишер Усманов пен Василий Анисимов, сондай-ақ, қазақстандық кәсіпкер Жанна Бектемірова бар деп отыр.

Сонымен қатар, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Асқар Маминге Астана қаласының құрметті азаматы атағы берілді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны