24.07.2008, 10:00 1314

ҚР президенті астық жинау науқаны мәселесі бойынша кеңес өткізді

ҚР президенті астық жинау науқаны мәселесі бойынша кеңес өткізді

Астана. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Ақордада ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен астық жинау науқанының мәселелері бойынша кеңес болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кеңеске премьер-министр Кәрім Мәсімов, президент әкімшілігінің басшысы Қайрат Келімбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев, Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов және Ақмола облысының әкімі Альберт Рау қатысты.

"Кеңес барысында бидай өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі, биылғы астық жинау науқанына дайындық және агроөнеркәсіп кешенінің басқа да өзекті мәселелері талқыланды. Бидай өндірісімен шұғылданатын облыстардың басшылары аймақтардың астық жинау науқанына әзірлігі, сондай-ақ ауыл тұрғындарын жанар-жағармаймен және техникамен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде есеп берді", - деп атап көрсетті президенттің баспасөз қызметі.

Журналистерге арналған брифингте А. Күрішбаев мемлекет басшысы астық жинау жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігі жөнінде нақты тапсырмалар бергенін атап өтті, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны