11.09.2012, 14:56 3076

ҚР президенті Атырау облысының әкіміне бюджеттік қаржыны пайдалануға қатысты бірқатар тапсырмалар берді

Кездесу барысында өңірдің дамуының өзекті мәселелері талқыланды. Олардың қатарында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыру барысы және облысты әлеуметтік жаңғырту келешегі сөз болды.

Астана. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында өңірдің дамуының өзекті мәселелері талқыланды. Олардың қатарында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыру барысы және облысты әлеуметтік жаңғырту келешегі сөз болды.

Б.Ізмұхамбетов Қазақстан Президентіне өңірге жасаған сапарының қорытындылары және әр аудан мен облыс орталығы бойынша өзекті проблемаларды шешу жөнінде тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы баяндады.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық одан әрі даму, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалану жөнінде нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны