07.02.2011, 17:27 4532

ҚР президенті Азиада жеңімпаздарын құттықтады

Бүгін Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарына қатысушылармен - қазақстандық спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 7 - ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарына қатысушылармен - қазақстандық спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында мемлекет басшысы қысқы жетінші Азия ойындарының жеңімпаз командасын құттықтады.

"Командалық есептегі және медальдар саны бойынша мұндай жарқын да үздік жеңіс бізде бұған дейін ешқашан болған емес. Бұл қазақстандық спорттың нағыз салтанаты! Бұл біздің еліміздің салтанаты! Барша еліміз біздің атлеттерімізге жанкүйер болды. Қазақстандықтармен бірге мен де біздің спортшыларымыз үшін алаңдадым. Сан рет шырқалған мемлекеттік әнұранымыздың жеңісті әуенімен еліміз болып бірге толқыдық. Біздің бәріміз де жеңісті күттік, үмітіміз ақталып, табысқа қол жеткіздік", - деп атап өтті Президент.

Қазақстандық спортшылар өз кезегінде мемлекет басшысына Қазақстанда үлкен спортты белсенді дамытқаны, бірегей спорттық нысандардың құрылысы үшін, сондай-ақ рекордтар жасауда және алтын медальдар жеңіп алуда халықаралық спорттық жарыстарға қатысуға мүмкіндік туғызғаны үшін шын жүректен алғыстарын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Азиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медаль алып, бірінші орынды иеленген болатын.

Бұрын хабарлағанымыздай, кеше Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында VII Қысқы Азия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны