02.09.2011, 10:13 3315

ҚР президенті Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің жобасын іске асыру барысымен танысты

Президент алдымен "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің жобасын іске асыру барысымен танысты.

Астана. 2-қыркүйек. Kazakhstan Today - Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысына барған жұмыс сапары барысында Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің жобасын іске асыру барысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Президент алдымен "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің жобасын іске асыру барысымен танысты", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Таратылған хабарламаға сүйенсек, Қызылорда облысы бойынша халықаралық көлік дәлізінің жобасы 15 учаскеге бөлінген. Жолдың ұзақтығы 812 шақырымды құрайды. Биылғы жылы 79 млрд. теңге көлеміндегі жұмысты және 500 шақырымдық жол құрылысын игеру жоспарлануда. Оның 123 шақырымы 1 техникалық санатқа, 377-сі II санатқа жатады. Қызылорда облысында жоба іске асырыла бастағалы бері 66,3 млрд. теңге игерілді, 14,1 млн.м3 топырақ төселді, жоспарланған жол қабаты 514 шақырым, 490 шақырымның негізгі қабаты төселді, 462 шақырымның қабаты төселді. Жол құрылысында 16 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 9156 адам жергілікті тұрғындар. Жобаны іске асыруға 3 мың бірліктен астам жол-құрылыс техникасы қатыстырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны