04.05.2011, 12:15 3750

ҚР президенті бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент экономика жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Манделлді қабылдады. Тараптар қазақстандық және әлемдік экономикадағы істің жай-күйін талқылады.

Астана. 4 - мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев IV Астана экономикалық форум аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент экономика жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Манделлді қабылдады. Тараптар қазақстандық және әлемдік экономикадағы істің жай-күйін талқылады.

"Президентпен кездесу кезінде мен қазақстандық валютаны одан әрі дамыту туралы өз ұсынысымды білдірдім, сондай-ақ Евро мен доллар аймағындағы әлемдік бөліністің үрдістерін атап өттім. Мен әлемге ортақ валютаны айналымға енгізу керек деп есептеймін. Бұл идеямды Қытайда, Францияда айттым. Бұған деген үлкен қызығушылық бар. Еуропалық қоғамдастық бұл идеяны қолдады. Қазақстанға қатысты айтсам, болып өткен жаһандық қаржылық дағдарысқа қарамастан, сіздер өте тұрақты жағдайда екенсіздер", - деді Р.Манделл журналистерге арналған брифинг барысында.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Еуропалық экономикалық комиссияның атқарушы хатшысы Ян Кубишпен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Еуропалық экономикалық және әлеуметтік комиссияның Азия мен Тынық мұхиты бойынша атқарушы хатшысы Ноэлин Хейзермен, БҰҰ азық-түлік ұйымдарының бас директоры Жак Диуфпен және БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымының бас хатшысы Талеб Рифаймен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мәселелері, сондай-ақ халықаралық саясаттың өзекті мәселелері талқыланды.

"Нұрсұлтан Назарбаевпен біз көлік және экономикалық дәлізді ашу перспективасын, әсіресе, халықаралық деңгейде талап етілетін құрлықтағы көлік түрлері саласын, сондай-ақ мұхитқа шығуға мүмкіндігі жоқ елдер үшін мульти-бағдарлама әзірлеу жайын талқыладық. Біз сондай-ақ өткен форумда айтылған, Еуропада табысты енгізілген, "жасыл көпір" атты маңызды бастаманы қарастырудамыз", - деп атап өтті Н.Хейзер журналистерге арналған брифингте.

"Қазақстан Президентімен кездесу және ауылшаруашылық секторын дамыту, сондай-ақ өнімділікті және тауар айналымын арттыру мақсатында инвестиция мәселелерін талқылау біз үшін үлкен құрмет. Біз сондай-ақ азық-түлік сапасы, қауіпсіздік және осы аядағы тұтынушылар құқығын қорғау мәселелерін талқыладық", - деді Ж.Диуф журналистерге арналған брифинг кезінде.

Нұрсұлтан Назарбаев Хорватияның экс-Президенті С.Месичпен кездесті.

Иңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібі талқыланды.

"Қазақстанды қалыптастыруда Нұрсұлтан Назарбаевтың орны айрықша. Сіздер Тәуелсіздік алғанда сіздерде келешек даму үшін орасан табиғи байлықтар болды, тек Президент қана барлығын бір жерге жинап, осы игіліктерді пайдаланудың тиімді жолдарын тапты", - деп атап өтті С.Месич журналистерге арналған брифингте.

Сондай-ақ, елбасы Жапонияның экс-Премьер-Министрі, Жапонияның Қазақстанмен достықты нығайту жөніндегі парламенттік лигасының төрағасы Юкио Хатояманы қабылдады.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту және дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны