16.07.2018, 14:05 4314

ҚР Президенті Бурабайда өткен "Біржан - Сара" операсын тамашалады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Бурабай" курортыныӊ аумағында композитор М.Төлебаевтыӊ "Біржан-Сара" операсыныӊ ашық аспан астында өткен қойылымына барды.

Астана. 16 шілде. Kazakhstan Today - Абылай ханныӊ тарихи алаӊында "Біржан - Сара" операсы open air форматында қойылды. Алғаш рет Бурабай аспаныныӊ астында М.Төлебаевтыӊ "Біржан - Сара" спектаклі қойылды. 14 шілде күні қазақ операсыныӊ інжу-маржанын еліміздіӊ бас театры "Астана Операныӊ" айтулы әртістері орындады. Көкшеніӊ әсем тауларыныӊ баурайында орналасқан Абылай хан алаӊы басты екі кейіпкердіӊ махаббат тарихы өрбіген мекенге айналды.

Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ қолдауымен Астананыӊ 20 жылдығы аясында жүзеге асырылды.

"Біржан - Сара" - "Астана Опера" жылнамасыныӊ айшықты беті. Дәл осы операмен 2013 жылы елордалық театрдыӊ алғашқы шымылдығы түрілген еді. 2018 жылдыӊ сәуір айында "Астана Опера" ультра заманауи декорациялар мен бірегей костюмдерді пайдалану арқылы жаӊа музыкалық-сахналық редакцияны көрермен назарына ұсынды. Бұдан кейін астаналық театрдыӊ қазақ операсын жүзеге асырудағы ізденістері табысты аяқталды деп нық сеніммен айтуға болады.

Осынау жаӊартылған спектакльді Бурабай тұрғындары мен қонақтары тамашалай алды. "Ашық аспан астындағы залда" отырған әрбір көрерменге қойылым авторлары Асхат Маемиров, Абзал Мұхитдинов, Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов ұлттық сюжет негізіндегі жалпы адамзаттық мән-мағынаны жеткізе алды.

Жұлдызды аспан, қылқан жапырақтардыӊ хош иісі мен самал жел ерекше атмосфера жасады. Спектакльдіӊ өн бойы табиғатпен керемет үйлесті. Туған өлкесініӊ сұлу табиғатын әнге қосқан Біржанныӊ (Мейір Байнеш) сөздері туындыға асқақ реӊк пен ғаламат ауқым берді.

"Астана Опера" вокалистері ашық аспан астында өнер көрсету бойынша мол тәжірибеге ие. Осы сынды жобаларды театр бірнеше жыл көлемінде жүзеге асырып келеді. Дегенмен, труппа барлық спектакльдерді Астана төрінде орындаған, сондықтан мизансценаларды дайындап, жаӊа "жанды декорацияларға" бой үйрету үшін әртістер Бурабай өлкесіне ертерек жол тартты, ал сол маӊдағы туристер дайындық барысына қызығушылық танытты.

Басты партияларды театрдыӊ жетекші солистері тамаша орындап шықты. Көптеген халықаралық байқаулардыӊ лауреаты Мейір Байнеш (Біржан) керемет актерлік шеберлігі мен вокалдық дарынын паш етті. Сара - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтыӊ лауреаты Майра Мұхамедқызы өз кейіпкерініӊ нәзік сезімін жеткізе отырып, бейнесін нық сеніммен көрсетті, тыӊдарман қауым әртісті ыстық ықыласпен қабыл алып, қошемет білдірді. Жанбота - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Жанат Шыбықбаев пен Аналық - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Дина Хамзина сахнада жанын сала өнер көрсетті, олардыӊ дарыны арқасында айрықша театр сиқыры сезілді. Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Салтанат Ахметова мен көптеген халықаралық байқаулардыӊ лауреаты Талғат Ғалеев Ақмола облысыныӊ тумасы, сондықтан да олар туған өлкесінде ерекше ықыласпен ән салды. Салтанат қызғаншақ Алтынайдыӊ рөлін керемет сомдады. Талғат Жиенқұлдыӊ партиясын тамаша алып шықты. Қожағұл - Шыӊғыс Расылхан, Серік - Рамзат Балакишиев, Естай - Бейімбет Таӊарықов өз кейіпкерлерініӊ сан қырын ашып, нақышпен жеткізе алды.

Қарағайлы орманныӊ арасынан "Астана Опера" Симфониялық оркестрін есту айрықша таӊсық жайт болды. Алайда, музыканттар әрдайым шеберліктерініӊ жоғары деӊгейін көрсетуде. Оркестрге қоюшы дирижер - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтыӊ өзі басшылық етті. Бас хормейстер Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Е.Дәуітовтыӊ жетекшілігімен хор да өз шеберліктерін көрсетті.

Айрықша әсерге бөленген қауым елордалық әртістерді сахнадан жібермей, ыстық ықыластарын білдірді, ду қол шапалақтыӊ дауысы орманныӊ қалыпты тыныштығын бұзды, ал сыбдыр қаққан ағаш жапырақтары көрерменмен бірге қол соғып, қошемет білдіргендей әсерде болды. Керемет үндестік орын алды. Асқақ өнердіӊ мерекесі ойдағыдай өтті.

Еске салар болсақ, қоюшы режиссер - PhD докторы, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері А.Маемиров, кеӊесші режиссер - Беларусь Үлкен театрыныӊ бас режиссері, Г.Тукай атындағы Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығыныӊ лауреаты М.Панджавидзе, режиссер - Н.Кагадий, балетмейстерлер - М.Авахри, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері А.Тәти, қоюшы режиссердіӊ ассистенті - Е.Тойкенов. Қоюшы суретшілер мен сценографтар - С.Тасмағамбетова мен П.Драгунов.

Жоба "Қазақ әуендері" қоғамымен бірге жасалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны