17.10.2012, 16:58 2936

ҚР Президенті Чех Республикасына алғашқы ресми сапармен барады

Сапар барысында Елбасы Чехия Президенті Вацлав Клаус пен Премьер-министр Петр Нечаспен кездеседі.

Астана. 17-қазан. Kazakhstan Today - 23-24 қазанда дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан бері алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Чех Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметнен хабарлады.

Сапар барысында Елбасы Чехия Президенті Вацлав Клаус пен Премьер-министр Петр Нечаспен кездеседі.

Тараптар 20 жыл ішіндегі екіжақты қарым-қатанасардың негізгі даму бағыттары туралы, сауда-экономикалық, ғылыми, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жайлы мәселелерді талқыламақ.

Сапар аясында 24 қазанда Прагада екі елдің іскер топтарының қатысуымен қазақстан-чех бизнес-форумы өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны