29.01.2014, 19:35 3631

ҚР Президенті "Елбасы жолы" киноэпопеясының шығармашылық ұжымымен кездесті

Кездесу барысында шығармашылық топ өздерінің қазіргі қызметтері жайында әңгімелеп, таяу келешекке арналған жоспарлары жөнінде ой бөлісті.

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Елбасы жолы" киноэпопеясының шығармашылық ұжымымен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі.

"Фильмді түсірушілер Мемлекет басшысына кинолента еліміздің 25 қаласындағы 55 кинотеатрда көрсетілгені туралы хабарлады", - делінген хабарламада.

Кездесу барысында шығармашылық топ өздерінің қазіргі қызметтері жайында әңгімелеп, таяу келешекке арналған жоспарлары жөнінде ой бөлісті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев атқарылған жұмыс үшін алғыс айтып, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны