02.10.2012, 11:35 2886

ҚР президенті "Eni" компаниясының Бас атқарушы директоры Паоло Скарониді қабылдады

Кездесу барысында мұнайгаз саласындағы, атап айтқанда, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игерудегі ынтымақтастық мәселесі қаралды.

Астана. 2-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Eni" компаниясының Бас атқарушы директоры Паоло Скарониді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында мұнайгаз саласындағы, атап айтқанда, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игерудегі ынтымақтастық мәселесі қаралды.

Мемлекет басшысын 2009 жылы "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ мен "Eni" компаниясы арасында қол қойылған, Қазақстан Республикасының өнеркәсіп инфрақұрылымы нысандарындағы инвестицияны жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы келісімді іске асыру жөнінде хабардар етті. Мемлекет басшысы Каспийдегі кеме жөндеу зауытының және Батыс Қазақстан облысындағы газ турбинасы электр стансасының құрылыстары жөніндегі бірлескен жобамен таныс болды.

"Eni" - әлемдегі біріктірілген ірі компанияның бірі. Қызмет саласы - мұнайгаз өнеркәсібі, электр энергиясы мен мұнайхимия өнімдерінің өндірісі, кәсіпшілік қызмет көрсету және жобалау.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны