22.11.2012, 10:46 3160

ҚР президенті Францияның көрнекті саяси қайраткері Жак Атталимен кездесті

Иңгімелесу барысында Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейі атап өтілді, сондай-ақ қаржы-инвестициялық, сауда-өнеркәсіп пен ынтымақтастықтың өзге салаларындағы алдағы іс-қимылдың мүмкін боларлық жолдары қарастырылды.

Париж. 22-қараша. Kazakhstan Today - Кеше Францияға жұмыс сапары аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияның көрнекті саяси қайраткері Жак Атталимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Иңгімелесу барысында Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейі атап өтілді, сондай-ақ қаржы-инвестициялық, сауда-өнеркәсіп пен ынтымақтастықтың өзге салаларындағы алдағы іс-қимылдың мүмкін боларлық жолдары қарастырылды.

Сонымен қатар, кездесуде Еуропалық одақ елдерінің өзекті халықаралық жағдайы контекстегі саяси және экономикалық даму мәселелері, сондай-ақ әлемдік экономикадағы жағымсыз үрдістерді еңсерудің келешегі мен мәселелері талқыланды.

Жак Аттали - француз экономисі, ірі саяси қайраткер. Францияның бұрынғы Президенті Франсуа Миттеранның кеңесшісі, Еуропалық қайта құру және даму банкінің алғашқы басшысы болған. Жаһандану және экономикалық мәселелер саласындағы жетекші әлемдік теоретиктердің бірі. Көптеген кітаптың және ғылыми жұмыстардың авторы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны