31.01.2007, 14:50 6680

ҚР президенті ГФР Федералды канцлерімен кездесті

АСТАНА. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ГФР Федералды канцлері Ангелина Меркельмен кездесті. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне ҚР президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметі атап өткендей, кездесу барысында екі жақты саяси, сауда -экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланған. Тараптар, аймақтық және жаhандық саясат, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еуропалық энергетикалық тұрақтылық, БҰҰ реформалау сияқты маңызды мәселелерге қатысты ұстанымдарының ұқсас екендерін атап өтті.

Қазақстан президенті Германияға Еуропалық Одаққа және "Үлкен сегіздік" аясында төрағалық ету қызметінде сәттілік тіледі. Федералды канцлердің айтуынша , Германия Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етуін және жуық арада Дүниежүзі сауда ұйымына кіруге талпынысын қолдайтынын білдірді.

Кездесуден кейін өткен бірлескен баспасөз мәслихатында ҚР президенті, "Қазақстан мен Германияның серіктестігі нық экономикалық ынтымақтастыққа, белсенді саяси диалогқа, басты жаhандық және аймақтық саясаттың маңызды мәселелері бойынша ұстанымның жақындығына негізделген. Қазақстан Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болуына деген талпынысын қолдайды. Өз кезегімізде, біз Германия басшылығына 2009 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етуге Қазақстан кандидатурасына қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз",- деп мәлімдеді.

"Біз халықаралық құрылымдар аясында ықпалдастығымызды дамыту жөнінде келістік. Германияның саяси, іскер және қоғамдық орталарында Қазақстан туралы демкоратия сәтті дамып жатқан, алпауыт инвесторлар үшін тартымды нарық ілгерілеп келе жатқан ел ретінде пікір қалыптасқаны қуантады",-деді Н. Назарбаев.

"Біз Германия бизнесін Қазақстанда қуана қарсы аламыз және әлемнің тез дамып жатқан осы саласына белсенді түрде енуін күтеміз. Қазақстан үкіметі өз тарапынан біздің республикада жұмыс істейтін германдық компанияларға барынша қолдау көрсетеді",- деді ол.

"Бүгінгі таңда экономика қарқынды дамып жатқанда жоғары технологиялар, өнеркәсіп, құрылыс, экология саласы жоғары деңгейдегі мамандарды талап етеді, осыған байланысты біз білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ықтиярмыз",- деп атап өтті елбасы. "Біздің бір мақсатымыз бар ол халықтың игілігі үшін ортақ жетістіктерді сақтау және көбейту. Бұл құндылықтар Қазақстан мен Германия серіктестігінің өзегі болып табылады. Сондықтанда , біздің елдің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі болып отырған екі жақты қарым қатынастың болашағына қазақстандықтар оптимистік көзқараспен қарайды",- деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны