21.01.2011, 13:06 3636

ҚР президенті халық пен мемлекеттің мүддесін ескере отырып референдумға қатысты шешім қабылдауға уәде берді

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев халық пен мемлекеттің мүддесін ескере отырып референдумға қатысты шешім қабылдауға уәде берді. Бұл туралы ол кеше қазақстандық қоғамдық жұртшылық өкілдерімен өткізген кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 21 - қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев халық пен мемлекеттің мүддесін ескере отырып референдумға қатысты шешім қабылдауға уәде берді. Бұл туралы ол кеше қазақстандық қоғамдық жұртшылық өкілдерімен өткізген кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Н. Назарбаев референдум өткізу мәселесі - бұл қазақстан халқының бастамасы екендігін атап өтті. "Бүгін сіздер біздің қоғам белсенді талқылап жатқан тағы бір маңызды мәселені көтердіңіздер. Ол референдум өткізу жөнінде жалпыхалықтық бастаманы қолау үшін қол жинаудың аяқталуы және Парламент тарапынан Тұңғыш Президенттің өкілеттігін ұзарту жөнінде рефередум өткізуге мүмкіндік беретін Конституцияға енгізілген өзгерістер. Сіздердің бәріңізге қолдау көрсеткендеріңіз үшін, бүгін айтқан ықыласты сөздеріңіз үшін шын пейілді алғысымды айтқым келеді. Бұл бастама кеңінен қолдау тауып, бес миллионнан астам қол жиналғаны мен үшін мақтаныш сезімін тудырады", - деді елбасы.

"Бірақ мен үшін бұл мәселе мемлекеттік ұстаным тұрғысынан өте маңызды. Сондықтан барлық "иә" мен "қарсыны" салмақтап, халық пен мемлекеттің мүдддесін ерекше ескере отырып, мен біздің еліміздің халқы үшін қажетті шешімді қабылдаймын", - уәде етті ол.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу, сондай-ақ референдум өткізу жөніндегі жалпыұлттық бастама мәселелері талқыланған.

"Тәуелсіздік - бұл біздің басты құндылығымыз. Сондықтан мерейтойды мееркелеу әрбір қазақстандық үшін ерекше мән-мағынаға ие. Тәуелсіздік жылдары мемлекеттілікті нығайтудың, біздің өміріміздің барлық саласын жедел жаңартудың дәуіріне айналды. Бұл жолда Қазақстан көп жетістікке жетті. Тарихи қысқа мерзім ішінде іс жүзінде жаңа мемлекет құрдық. Мемлекеттік басқарудың тиміді институттары құрылды. Саяси жүйеде реформалар табысты жүргізілді, азаматтық қоғам институттары дамуда. Біз тіпті, жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында өзінің өміршеңдігін дәлелдеген заманауи рыноктық экономиканы қалыптастырдық. Өткен жылы біздің еліміз ЕҚЫҰ-ға төраға болды және Ұйымның Саммитін өткізді. Ал биылғы жылы біз Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеміз. Жалпы, өткен 20 жыл ішінде біз елімізді нығайттық, одан әрі өсу мен даму үшін қажетті базаны қамтамасыз еттік. Осының бәрі Тәуелсіздіктің арқасында жүзеге асты. Біз үшін Тәуелсіздік мерейтойы үлкен мәнге ие болатыны осы себептен. Сондықтан біз оны атап өтуді жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз қажет", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Конституциялық кеңесі 2011 жылдың 17-қаңтарында ҚР президентінің ҚР "ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының ҚР Конституциясына сәйкестігін қарау туралы үндеуін өндіріске алған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік басында 20 жылдан бері отыр. 2012 жылы Қазақстан президентінің кезекті сайлауы өтуге тиіс болатын, оған Назарбаев өз кандидатурасын ұсынбақ болған.

Қазақстанда әрекеттегі президенттің өкілеттігін ұзарту бойынша жалпы халықтық референдум өткізу тәжірибесі бар: 1995 жылғы референдум Назарбаевтың өкілеттігін 1999 жылдың аяғына дейін ұзартқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны