05.02.2014, 21:23 8601

ҚР Президенті халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссия жетекшілерімен кездесті

Кездесу барысында ҚР Президенті біздің еліміз дипломатиялық миссияға қатысатын барлық елдермен екіжақты қарым-қатынасты орнатып, тиімді ынтымақтастық жүргізіп жатқанын айтты.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін 5 ақпанда Н. Назарбаев халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссия жетекшілерімен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында ҚР Президенті біздің еліміз дипломатиялық миссияға қатысатын барлық елдермен екіжақты қарым-қатынасты орнатып, тиімді ынтымақтастық жүргізіп жатқанын айтты.

"Қазақстан Сіздер өкілдік етіп отырған барлық елдермен достық қарым-қатынасты дамытуға мүдделі. Былтыр Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус құрамының үштен бірі жаңарды. Жаңа елшілерді Қазақстанда қызметке кіріскендерімен құттықтаймын. Сіздер бұрыннан келе жатқан әріптестеріңізбен бірге жоғары деңгейдегі ынтымақтастыққа өз үлестеріңізді қосатындарыңызға мен сенемін. Біз өз тарапымыздан сіздердің алаңсыз қызмет етулеріңізге барлық жағдайды жасауға дайынбыз.", - деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев 2050 Стратегиясының ұзақмерзімді тапсырмалары бойынша жаңа Тұжырымдама 2020 жылға дейін дайындалғандығын айтты.

"Ол трендердің кеңеюіне, тиімді қарым-қатынас жүргізуге біздің бүкіл әлемдегі әріптестерімізбен ынтымақтастық құруға өз септігін тигізеді. Бүгінде жаһандық экономикада белгілі жетістіктер байқалуда. Жоспарлар Еуропа, АҚШ және өзге елдерде экономикалық өсімнің көрсеткішіне саяды", - деді Мемлекет басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны