31.01.2012, 12:07 7335

ҚР президенті Иордания Королімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы иорданиялық монархты 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оған Астананың бір көшесін Король Хусейн бен Талалдың - қазіргі Иордания Королінің әкесінің есімімен атау туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

Астана. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі Абдалла II бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы иорданиялық монархты 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оған Астананың бір көшесін Король Хусейн бен Талалдың - қазіргі Иордания Королінің әкесінің есімімен атау туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

Иңгіме барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективасын, сондай-ақ Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Король Абдалла II-ні 2012 жылғы 30-31 мамырда Астанада өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне қатысуға шақырды. Шақыруды Иордания көшбасшысы ризашылықпен қабыл алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны