23.09.2011, 12:45 4140

ҚР президенті ядролық қауіпсіздік жөніндегі жоғары деңгейдегі отырысқа қатысты

Өз сөзінде Мемлекет басшысы ядролық қауіпсіздік - бұл тұтас үшбірлік екенін атап өтті. Бірінші. Проблемалардың әскери-саяси қырлары - бұл ядролық қарудан адамзатты қорғау. Екінші. Ядролық лаңкестік әлеуетіне қарсы тұру. Үшінші. Бұл атом энергетикасының қауіпсіздігі.

Астана. 23-қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздік жөніндегі жоғары деңгейдегі отырысқа қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырысқа БҰҰ-на мүше мемлекеттер: АҚШ, Ресей, Франция, Корея Республикасы, Жапония, Бразилия, Украина және Қазақстан басшылары қатысты. Фукусима апаты мен Чернобыль АЭС апатының 25 жылдығынан кейінгі іс-шаралар ядролық қауіпсіздік жөніндегі МАГАТЭ министрліктер конференциясы мен Сегіздік Топтар елдері арнайы отырысына, сондай-ақ 2012 жылы Сеулде өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке дайындық жөніндегі отырысқа жалғасты.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы ядролық қауіпсіздік - бұл тұтас үшбірлік екенін атап өтті. Бірінші. Проблемалардың әскери-саяси қырлары - бұл ядролық қарудан адамзатты қорғау. Екінші. Ядролық лаңкестік әлеуетіне қарсы тұру. Үшінші. Бұл атом энергетикасының қауіпсіздігі.

Президент атап көрсеткендей, бірінші мәселе бойынша Қазақстанның ұстанымы өзгеріссіз қалады - ядролық қарусыз әлемге деген қозғалыс тарихи мақсат болып табылады. Таяу келешекте ядролықсыз мемлекеттерге қатысты ядролық қаруды қолданбау және қорқытпау жөнінде ядролық державаларды міндеттейтін конвенция жасау қажет. Ядролықсыз әлем жолында ядролық қауіпсіздікке жаңа көзқарастар іздестіру маңызды міндет болып табылады.

"Халықаралық-құқықтық нормаларды ядролық мемлекеттер іс жүзінде нақты қолданатын бүгінгі күннің шындығына сәйкестендіру принципті түрде маңызды деп санаймын", - деді Президент.

Осыған байланысты Қазақстан бейбіт жолмен атомды игеру қауіпсіздігі үшін үш универсалды қағидатты ұсынады. Бірінші. Атом энергетикасын дамыту саласындағы үдерістерді басқарудың жалпығаламшарлық тетіктерді жетілдіру қажет. Екінші. Төтенше атомдық жағдайдағы дағдарысты реттеудің нақты, жалпыға танылған қағидаттары мен тетіктері қажет. Үшінші. Илемдік қоғамдастықты ядролық нысандардағы кез келген, тіпті ең елеусіз оқиғалар туралы тез арада және толық ақпараттандыруды қамтамасыз ету қажет.

"Бас хатшының Жоғары деңгейдегі осы кездесуді шақыру жөніндегі идеясын құптаймыз және бүгін айтылған ұсыныстар ядролық қауіпсіздіктің жаһандық жүйесін нығайтуға мүмкіндіктер туғызады деп сенеміз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны