04.05.2011, 11:45 3454

ҚР президенті Қарағандыдағы энергиясақтаушы жабдықтарды жеткізу мен суды тазалау жүйесіне қызмет көрсететін кәсіпорынның жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында энергиясақтаушы жабдықтарды жеткізу мен суды тазалау жүйесіне қызмет көрсететін "Эргономика" ЖШС-де болды. Мемлекет басшысы кәсіпорында шығарылатын өндірістік жабдықтармен және өнімдермен танысты.

Астана. 4 - мамыр. Kazakhstan Today - ҚР президенті Қарағандыдағы энергиясақтаушы жабдықтарды жеткізу мен суды тазалау жүйесіне қызмет көрсететін кәсіпорынның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында энергиясақтаушы жабдықтарды жеткізу мен суды тазалау жүйесіне қызмет көрсететін "Эргономика" ЖШС-де болды. Мемлекет басшысы кәсіпорында шығарылатын өндірістік жабдықтармен және өнімдермен танысты.

Қазіргі уақытта "Эргономика" ЖШС "Энергиясақтау технологиясын енгізу" жобасын іске асыруда. Бұл жобаның негізгі бағыттары жылу жүйесін әзірлеу, дайындау, монтаждау және сервистік қызмет көрсету, автоматтандырылған жылу пункттері мен сорғы стансаларын, энергиясақтаушы технологияны қолдана отырып, ғимараттар мен құрылыстарды салқындату болып табылады. Жабдықтаудың пилоттық жобасы Қарағанды қаласындағы алты үйде қолданылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны