28.01.2008, 18:39 2909

ҚР президенті қаржы министрі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

ҚР президенті қаржы министрі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

Алматы. 28-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін қаржы министрі Болат Жәмішев пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжановты қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Сайттың ақпараттарына сүйенсек, қаржы министрі президентті өткен жылғы Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің орындалу қорытындылары туралы хабардар еткен.

Кездесу барысында кеден және салық әкімшілігі мәселелеріне аса назар аударылған. Аталмыш салада Қаржы министрлігінің үлкен жұмыстар атқарып жатқандығы, алайда әлі де шешімін таппаған мәселелердің бар екендігі аталып өтті.

"Мен министрліктің алдағы үш жылға арналған стратегиялық даму жоспары жөнінде баяндадым. Президент нақты тапсырмалар берді. Қаржы министрлігінің 7-ақпанда өтетін алқа отырысында біз осы мәселелерді шешу жолдарын талқылайтын боламыз", - деді Б.Жәмішев журналистерге арналған брифингте Б. Жәмішов.

Сайтта хабарланғандай, Ж.Кәрібжанов мемлекет басшысын Шығыс Қазақстан облысының 2007 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және үстіміздегі жылға арналған міндеттер жөнінде хабардар еткен.

"Президент озық жобаларды жедел іске асыру, шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығын дамыту қажеттілігіне айрықша назар аударды. Мемлекет басшысы экология және қылмыспен күрес мәселелері облыс басшылығының айрықша назарында болуға тиіс екендігін баса айтты, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны