16.09.2011, 18:21 4113

ҚР президенті Қашаған кен орнын игеру жөніндеі жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты

Атырау қаласынан 80 шақырым қашықтықта орналасқан кен орнына Мемлекет басшысы тікұшақпен келді. Жобаның операторы NCOC компаниясының басшылығы Президентке жасанды "Д" аралында орналасқан өндірістік нысандарды көрсетті. Қосымша ұңғымалардың бір бөлігі шағын жасанды аралдарда орналасқан. Олардан құбыр желілері арқылы аралдар мен мұз қорғаныс қоршауларынан құралған алғашқы қызметтік-техникалық кешен болып табылатын "Д" аралына мұнай әкелінеді. Кешен Қашаған кен орнын игерудің бірінші сатысында теңіз нысандарын біріктіреді.

Алматы. 16-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Атырау облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізінде Қашаған кен орнындағы жасанды "Д" аралында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Атырау қаласынан 80 шақырым қашықтықта орналасқан кен орнына Мемлекет басшысы тікұшақпен келді. Жобаның операторы NCOC компаниясының басшылығы Президентке жасанды "Д" аралында орналасқан өндірістік нысандарды көрсетті. Қосымша ұңғымалардың бір бөлігі шағын жасанды аралдарда орналасқан. Олардан құбыр желілері арқылы аралдар мен мұз қорғаныс қоршауларынан құралған алғашқы қызметтік-техникалық кешен болып табылатын "Д" аралына мұнай әкелінеді. Кешен Қашаған кен орнын игерудің бірінші сатысында теңіз нысандарын біріктіреді.

Мұнай "Д" аралынан 3 құбыр арқылы Атыраудан 30 шақырым жердегі Қаратабан елді мекеніндегі құрылысы аяқталуы тиіс "Болашақ" қондырғысына жеткізіледі.

Аралды пайдалануға беру кезінде мұнда 300 адам тартылады.

Солтүстік-Каспий жобасындағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысқаннан кейін Мемлекет басшысы "Болашақ" бағдарламасының түлектерімен және "Орталық-Аймақ" және "Аймақ-Орталық" бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқан мемлекеттік қызметкерлермен кездесті

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны