22.06.2012, 16:42 3919

ҚР президенті кәсіпкерлердің "Атамекен" Одағының мүшелігіне міндетті түрде өтуін қолдады

Бүгін Ақордада кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған кеңес барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда кәсіпкерлердің "Атамекен" Одағы" Ұлттық экономикалық палатасының мүшелігіне міндетті түрде өту институтын құру идеясын қолдайтындығын жеткізді.

Астана. 22-маусым. Kazakhstan Today - ҚР президенті кәсіпкерлердің "Атамекен" Одағының мүшелігіне міндетті түрде өтуін қолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Ақордада кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған кеңес барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда кәсіпкерлердің "Атамекен" Одағы" Ұлттық экономикалық палатасының мүшелігіне міндетті түрде өту институтын құру идеясын қолдайтындығын жеткізді.

"Атамекен" Одағы, ең біріншіден, құқық қорғау органдарының әріптесі болуы шарт. Ол үшін оның жауапкершілігін барынша көтеру қажет", - деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

Президенттің айтуынша, кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын ұйымдар барлық дамыған мемлекеттерде бар.

"Мен Австрияда болдым. Ол жердегі кәсіпкерлер палатасы Үкіметтің сенімді әріптесі болып саналады. Бізде де ондай ұйым болуы керек. Онымен мен де, Үкімет те жұмыс істеуге даяр. Сондықтан мен "Атамекен" Одағына мүше болу міндетін қолдаймын. Бірақ, оның мүшелігіне өтіп, жарна төлеген кәсіпкерлер ұйым құрамына не үшін кіргендерін, одан қандай көмек ала алатындығын нақты білуі тиіс", - деді Президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны