17.01.2014, 19:46 5932

ҚР Президенті Қазақстанда робот техникасы мен гендік инженерия салаларын дамытуды тапсырды

Оның айтуынша, "екінші бесжылдық аясында мобильдік, мультимедиалық, нано-ғарыштық технологиялардың, робот техникасының, гендік инженерияның, болашақ энергиясын іздеу мен ашу салаларының негізін салу қажет".

Алматы. 17 қаңтар. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында нано-ғарыштық технология мен робот техникасына көңіл бөлді.

"2050 жылға дейінгі қалған 37 жылды жеті бесжылдыққа бөлеміз. Оның әрқайсысы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кірудің ортақ мақсатына қол жеткізудің мәселесін шешетін болады", - деді Н.Назарбаев.

Оның айтуынша, "екінші бесжылдық аясында мобильдік, мультимедиалық, нано-ғарыштық технологиялардың, робот техникасының, гендік инженерияның, болашақ энергиясын іздеу мен ашу салаларының негізін салу қажет".

Мемлекетімізге жұмыс істейтін нақты зерттеулер мен жаңалықтар ұсынатын ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңмен ұлғайтып, оны дамыған елдер деңгейіне жеткізудің нақты жоспары қажет, деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы ҚР-да ғылымды қажет ететін экономиканың негізін қалауды тапсырды.

"Қазақстандық бизнестің, оның ішінде, шағын және орта бизнестің дамуы үшін қолайлы жағдай жасау мемлекет жұмысының басты буыны болмақ", - деп ойын қорытындылады Н.Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны