20.12.2013, 20:35 2881

ҚР Президенті қазақстандық құрғақ жүк тасымалдаушыларына ат қойды

"Қазір біз суға қазақстандық кемелерді түсірдік. Мен барлық теңізшілерді және маңғыстаулықтарды осы зор оқиғамен құттықтаймын. Жалпы, ат беру қарапайым іс емес. Оның зор жауапкершілігі бар. Сондықтан да, егер қарсылық болмаса, кемелердің бірін мен Түркістан, ал екеншісін Бекет ата деп атар едім", - деді ҚР Президенті.

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan today. Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан "Индустрияландыру күні" барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жетекші құрғақ жүк тасымалдаушыларына ат қойды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізіне түсірілген жүк тасымалдайтын 2 кемеге Түркістан және Бекет ата аттарын берді. Ақтау теңіз портындағы құрғақ жүк тасымалдау компаниясының құрамына енеді. Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында "Қазақстан темір жолы" компаниясы аталған компанияны құрып, Қазақстанның туы астында жұмыс істейтін, әрқайсысының сыйымдылығы 5 мың тоннаны құрайтын 2 кеме сатып алған.

"Бұл - еліміздің өміріндегі өте маңызды оқиға. Алғаш рет темір жол, автомобиль жолдары арқылы Батыс Қытайды Қазақстан арқылы Каспий теңізімен Еуропаға жалғайтын мемлекетке айналып отырмыз. Сондықтан да құрғақ жүк тасымалдау мәселесі біз үшін маңызды болатын.

Қазір біз суға қазақстандық кемелерді түсірдік. Мен барлық теңізшілерді және маңғыстаулықтарды осы зор оқиғамен құттықтаймын. Жалпы, ат беру қарапайым іс емес. Оның зор жауапкершілігі бар. Сондықтан да, егер қарсылық болмаса, кемелердің бірін мен Түркістан, ал екеншісін Бекет ата деп атар едім", - деді ҚР Президенті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны