09.10.2012, 13:50 3544

ҚР президенті қазан айында ресми сапармен Түркияға барады

"11-12 қазан күндері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрік Республикасына ресми сапары болады. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Абдулла Гюлмен және премьер-министр Реджеп Эрдоганмен кездеседі", деді ол Астанада дүйсенбіде баспасөз мәслихатында.

Астана. 9-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 11-12 қазан күндері ресми сапармен Түркияға барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибібұллаев мәлім етті.

"11-12 қазан күндері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрік Республикасына ресми сапары болады. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Абдулла Гюлмен және премьер-министр Реджеп Эрдоганмен кездеседі", деді ол Астанада дүйсенбіде баспасөз мәслихатында.

Оның ақпаратына қарағанда, тараптар соңғы 20 жылдағы Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығының дамуының негізгі бағыттарын , екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегін, өз ара тиімді экономикалық, ғылыми-мәдени, гуманитарлық байланыстарды нығайту мүмкіндіктерін талқылайды.

Сапар шеңберінде Қазақстан президенті мен Түркия премьер-министрінің қатысуымен стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің жоғары деңгейдегі алғашқы отырысы өтпек.

Н.Назарбаевтың сапары шеңберінде Ыстамбұлда екі елдің іскерлік топтарының қатысуымен бизнес-форум және қазақстандық, түрік эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтпек.

Қазақстан СІМ деректеріне қарағанда, 2011 жылдың нәтижелері бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 3,3 млрд долларды құраған, бұл 2010 жылдың көрсеткішінен 80% артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны