28.03.2011, 16:55 4616

ҚР президенті Қазкоммерцбанкінің директорлар кеңесінің төрағасыын қабылдады

ҚР президенті Қазкоммерцбанкінің директорлар кеңесінің төрағасыын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 28 - наурыз. Kazakhstan Today - ҚР президенті Қазкоммерцбанкінің директорлар кеңесінің төрағасыын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазкоммерцбанк" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Субханбердинді қабылдаған.

Н.Субханбердин Президентке "Қазкоммерцбанк" АҚ даму қарқыны туралы баяндады және банкілерге, шағын және орта бизнеске айтарлықтай қаржылық көмек көрсетуге мүмкіндік туғызған, қаржылық дағдарыс жағдайында шешімді шаралар қабылдағаны үшін алғысын айтты.

Кездесу кезінде сондай-ақ қазақстандық компаниялардың шикізаттық емес сектордағы борыш ауыртпалығын төмендету туралы әңгіме қозғалды.

"Экономиканың шикізат емес секторын жақсарту үшін банкілер несие бөлулері тиіс қой. Біздің клиенттеріміздің қысқа мерзімді операцияларына несие бөлуді шектемеу үшін, біз биылғы жылы біздің корпоративтік клиенттерімізге және ипотекалық несиелеуге ұзақ мерзімді қорландыру жобаларын қамтамасыз етуді алдымызға маңызды міндет етіп қойдық. Бұл үшін біз капитал нарығымен де, мемлекетпен де жұмысты жалғастырамыз. 2011 жыл өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтетін біздің еліміз үшін және біздің банк үшін маңызды жыл болып табылады. Біз міндетіміз бен жұмыс жоспарын түсініп, бұл жылға сеніммен қадам бастық", - деп атап өтті Н.Субханбердин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны