06.06.2012, 12:40 2979

ҚР президенті ҚХР төрағасының орынбасарымен кездесті

Келіссөздер барысында ауқымы кең мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың жоғары қарқыны атап өтілді. Си Цзиньпин Қытай Қазақстанмен серіктестік өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамыту ниетте екенін ерекше атап өтті.

Пекин. 6-маусым. Kazakhstan Today- Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға ресми сапары аясында Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Си Цзиньпинмен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Келіссөздер барысында ауқымы кең мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың жоғары қарқыны атап өтілді. Си Цзиньпин Қытай Қазақстанмен серіктестік өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамыту ниетте екенін ерекше атап өтті.

Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі көшбасшы болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытайдың энергетикалық және аграрлық салалардағы ынтымақтастығына назар аударды.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы көлік саласындағы, логистика және шекаралық ынтымақтастық саласындағы қарым-қатынастарды дамыту қажеттігіне назар аударып өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша жоғары деңгейдегі белсенді ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстан мен Қытайдың сондай-ақ мәдениет пен туризм саласындағы қарым-қатынастары дәйекті түрде дамытылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны