19.01.2011, 15:05 4238

ҚР президенті қылмыстық заңнаманы ырықтандыруға бағытталған заңға қол қойды

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 19 - қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш заң қылмыстық заңнаманы ырықтандыруға, қоғамдық қаіпсіздікке үлкен қауіп тудырмайтын қылмысты декриминализациялауға, оларды әкімшілік құқық бұзушылық санатына ауыстыруға, қылмыстың кейбір құрамы бойынша әкімшілік преюдиция енгізу және қылмыстық саясатты ізгілендіруге қатысты өзге де мәселелерді шешуге бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөз бетіне жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны