29.12.2010, 14:21 4108

ҚР президенті көлік мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Мемлекет басшысы көлік және тасымалдау үдерісін мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіруге, ұлттық заңнаманы халықаралық келісімдерге сәйкес келтіруге, сондай-ақ 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығымен бекітілген 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясын іске асыруға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 28 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы көлік және тасымалдау үдерісін мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіруге, ұлттық заңнаманы халықаралық келісімдерге сәйкес келтіруге, сондай-ақ 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығымен бекітілген 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясын іске асыруға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұрын хабарлағанымыздай, заңның негізгі мақсаты көлік және тасымалдау процессін мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, көлік саласындағы құқықтық олқылықтарды жою, сонымен қатар ұлттық көлік заңнамасын халықаралық құқық нормаларымен сәйкестендіру болып табылады.

Заңның мәтіні баспасөз бетіне жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны