08.09.2011, 13:38 3779

ҚР президенті Қостанай облысының машина жасау саласындағы жаңа жобалармен танысты

Жобалық қуаты: 2011 жылы - 1500 автокөлік, 2015 жылы - жылына 7500 Ssang Yong автокөлігін құрастыру. Кәсіпорында "ESSIL КЗС-740 өзі жүретін астық жинайтын комбайн және өзге ауыл шаруашылық техникасы өндірісі" инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда.

Астана. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбі күні Қостанай облысына барған сапары барысында машина жасау саласындағы жаңа жобалармен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент ең алдымен қостанайлық "АгромашХолдинг" АҚ дизель зауытында болған. Мемлекет басшысы машина жабдықтау цехының, Ssang Yong және УАЗ маркалы автокөліктер, комбайндар құрастыратын зауыттың өндірістік жұмысымен танысты. Президентке Ssang Yong және УАЗ модельді бірқатар автокөліктер таныстырылды. Кәсіпорынның негізгі жұмыс түріне двигательдерді (түйіні мен бөлшектері) құрастыратын жабдықтаушы өндіріс, Ssang Yong маркалы автокөлігін құрастыру, ауыл шаруашылық техникалары мен ауыл шаруашылық қосалқы бөлшектерінің өндірісі жатады. 2011 жылы кәсіпорында жалпы құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын "Қостанай қаласында жылына қуаты 7500 бірлікке дейінгі Ssang Yong маркалы автокөлікті құрастыру өндірісін ұйымдастыру" инвестициялық жобасы іске асырылды.

Жобалық қуаты: 2011 жылы - 1500 автокөлік, 2015 жылы - жылына 7500 Ssang Yong автокөлігін құрастыру. Кәсіпорында "ESSIL КЗС-740 өзі жүретін астық жинайтын комбайн және өзге ауыл шаруашылық техникасы өндірісі" инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның құны - 6,7 млрд. теңге. Сонымен қатар "Ауыл шаруашылық техникаларына қызмет көрсету және өткізу жөніндегі сауда-сервис орталығын кеңейту және жаңғырту" инвестициялық жобасы іске асуда. Жобаның құны - 2,1 млрд. теңге. Кәсіпорында барлығы 600-ден астам адам еңбек етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны