06.06.2011, 19:15 3153

ҚР президенті Малайзияның Petronas компаниясын Қазақстанның мұнай-газ жобаларына қатысуға шақырды

Бұл туралы Мемлекет басшысымен кездесуінен кейiн брифингте Малайзия премьер-министрi Наджиб Тун Абдул Разак хабарлады.

Алматы. 6 - маусым. Kazakhstan Today - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзияның Petronas компаниясын Қазақстанның мұнай-газ жобаларына қатысуға шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысымен кездесуінен кейiн брифингте Малайзия премьер-министрi Наджиб Тун Абдул Разак хабарлады.

"Илемнің басқа бір бөлігіндегі Petronas жобаларына қазақстандық мұнай-газ секторын қатыстыруға мүмкіндік беретін өзге де ұсыныстар алмасуда Қазақстан мұнай-газ жобасын дамытуда Petronas-тың қатысуымен үдемелі келіссөздер бастауға шақырғаны үшін Президентке алғыс айтқым келеді", - деді Наджиб Тун Абдул Разак.

Естеріңізге сала кетсек, Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разак Астанаға ресми сапрмен келген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны