30.09.2010, 16:29 8052

ҚР президенті мемлекеттік қызметкерлердің штаттық санын қысқарту туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Мемлекеттік бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сметасының (бюджеті) есебінен ұсталатын органдардың штаттық санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Алматы. 30 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Мемлекеттік бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сметасының (бюджеті) есебінен ұсталатын органдардың штаттық санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

ҚР президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің хабарлауынша, аталмыш жарлықпен мемлекеттік бюджеттің және Ұлттық банк сметасының (бюджеті) қаржысы есебінен ұсталатын органдардың штаттық санын, құқық қорғаушы және сот органдарын қосқанда 15 пайызға қысқарту қарастырылған.

Жарлықты жүзеге асыру нәтижесінде республика бойынша жалпы аталған органдардың штаттық сандарының лимиті 26 мың бірліктен астамға қысқартылады. Жарлық 2010 жылға арналған мемлекеттік бюджетте қарастырылған қаражаттың есебінен және соның шегінде жүзеге асыру пайымдалуда.

Сондай-ақ, штаттық сандарды оңтайландырудың нәтижесінде 2011 жылы 18,6 миллиард теңге бюджет қаражаты үнемделмек, оның 14,3 миллиарды - республикалық бюджеттің, 4,3 миллиарды - жергілікті бюджеттердің қаражаты болмақ.

Жарлық 2010 жылдың 1-ші қарашасынан бастап күшіне енеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны