14.04.2014, 19:33 5065

ҚР Президенті мен Бахрейн Королі бірқатар құжаттарға қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Бахрейн Королі Хамад бен Иса Ил Халифа Ақордада бірқатар құжаттарға қол қойды.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Бахрейн Королі Хамад бен Иса Ил Халифа Ақордада бірқатар құжаттарға қол қойды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер нәтижесінде екі Мемлекет басшысының Бірлескен мәлімдемесі қабылданып, төмендегі құжаттарға қол қойылды: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Бахрейн Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің арасындағы екіжақты кеңес беру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумы; Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Бахрейн Корольдігінің Индустрия және коммерция министрлігінің арасында өнеркәсіп, инвестиция мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту салаларындағы өзара ықпалдастық меморандумы; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Бахрейн Корольдігі Индустрия және коммерция министрлігі арасында азық-түлік қауіпсіздігі бойынша өзара ықпалдастық меморандумы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны